29
Қараша

«ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық байқауының екінші кезеңі мәресіне жетті

29 қараша 2022 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Бүгін Орал қаласындағы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Ақ жол» демократиялық партиясының дәстүрлі «XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық байқауының екінші кезеңі өтті.


Шараға М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Қажымұрат Ахмеденов, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Сағымбай Жұмағұл, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, М.Өтемісов атындағы БҚУ Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Марат Сдыков, «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Жаңбырбай Матаев, Алматы облыстық филиалының төрайымы Мейраш Шынасилова, Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Виталий Куликов, Партияның Ұлттық кеңесінің хатшысы, аппарат басшысы Асылхан Қожахметов, БҚО Бөрлі аудандық мәслихат депутаттары Серік Дүйсенов пен Бақытжан Ғадылшиев және білім ордасының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Сараптау комиссиясы байқауға түскен жұмыстарды тексеріп, 4 номинация бойынша жалпы саны 40 үздік жұмысты екінші кезеңге іріктеді.


Еліміздің әр аймағынан келген 40 қатысушы «Алаш идеясы және Екінші республика», «Қазіргі заман шындығы аясындағы Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы», «Алаш қайраткерлерінің экономикалық көзқарастары және кәсіпкерлікті дамыту», Алаш тарихының «актаңдақтары» номинациясы бойынша бақ сынап, оның 13-і ақтық кезеңге жолдама алды.

Жас зерттеушілердің ғылыми еңбектерін байқаудың қазылар алқасының мүшелері филология ғылымдарының докторы, профессор Сағымбай Жұмағұл, тарих ғылымдарының докторы, профессор Марат Сдыков бағалады.


- «Алаш идеясы және Екінші республика» номинациясы бойынша Бекнұр Амангелді (Көкшетау қаласы), Әсем Ерманова (Маңғыстау облысы), Лаура Мұратова (Маңғыстау облысы), Жүрсін Амангелді (Түркістан облысы), Әліби Қуандықов  (Жамбыл облысы), Қуаныш Нұрпейсов (Астана қаласы), Айдана Тұтқыш (Қарағанды қаласы);

- «Қазіргі заман шындығы аясындағы Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы» номинациясы бойынша Ақерке Жанкелді (Өскемен қаласы), Айгерім Мұса (Шымкент қаласы), Самал Мұхаметқали (Жетісу облысы), Гүлсанат Өтебаева (Түркістан), Гайнегүл Аймыратова (Қызылорда қаласы), Файзолла Алпамыс (Астана қаласы), Айжан Дауесова (Орал қаласы), Нұрарай Марат (Ақтөбе қаласы), Әсем Тарыбаева (Қарағанды қаласы);

- «Алаш қайраткерлерінің экономикалық көзқарастары және кәсіпкерлікті дамыту» номинациясы бойынша Абылай Бекқажы (Маңғыстау облысы), Жансая Оринбаева (Жаңаөзен қаласы);

- Алаш тарихының «актаңдақтары» номинациясы бойынша Азимхан Исабек (Шымкент қаласы), Ақтілек Есенғали (Астана қаласы), Қанат Омуркул уулу (Қырғыстан Республикасы), Лаура Әбдіхан (Маңғыстау облысы), Гүлшат Қанатбаева (Маңғыстау облысы), Асылжан Нұрлан (Ақтөбе қаласы), Әлия Сағынова (Орал қаласы), Айдана Усманова (Қарағанды қаласы), Сәуле Шәкір (Алматы қаласы) жұмыстары оң бағаланып, алғыс хаттар және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.


Қызу пікірсайыстың нәтижесінде байқаудың ақтық кезеңіне Сүлеймен Құлдан (Жаңаөзен қаласы), Айгүл Өтеміс (Алматы қаласы), Камшат Төреқұлова (Маңғыстау облысы), Мирас Абдрахим (Алматы қаласы), Мадияр Ералыұлы (Тараз қаласы), Жансая Сман (Ақтау қаласы), Ақерке Мұхтасарқызы (ШҚО), Бақтияр Бутеев (Қарағанды қаласы), Гүлім Жылқайдарова (Астана қаласы), Жауынбай Жылқыбайұлы (Астана қаласы), Надия Жастлек (Орал қаласы), Нұргүл Қамиева (Атырау қаласы), Динара Сисенова (Жаңаөзен қаласы) өтті.

 

Еске сала кетейік, байқау биыл 11-ші рет ұйымдастырылды. Байқаудың екінші кезеңін еліміздің  әр аймағында өткізу дәстүрге айналған. Бұған дейін Семей, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Тараз, Астана, Ақтау қалаларында өткізілді. Байқаудың ақтық кезеңі 13 желтоқсанда Астана қаласында өтетін болады.