05
Мамыр

Хиуаз Доспанованың ерлігін ұлықтауға арналған «Қырағы қанатты қыз» атты патриоттық іс-шара өтті

5 мамыр 2025 жыл, Батыс Қазақстано блыстық филиалы

5 мамыр күні Х.Доспанова атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің ұйымдастыруымен «Үш батыр қыз» ескерткіші алаңында қазақтың тұңғыш әскери ұшқыш қызы, Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың ерлігін ұлықтауға арналған «Қырағы қанатты қыз» атты патриоттық іс-шара өтті.

Іс-шара барысында жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен тарихи сананы қалыптастыру мақсатында мазмұнды бағдарлама ұсынылып, бірқатар құрметті қонақтар қатысты. Атап айтқанда, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары А.Туркина, Орал қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ә.Қайыржанова, Зашаған кенті әкімінің орынбасары Н.Мұхитов, БҚО әскери оркестрі мен хор жетекшісі, лейтенант А.Шутаров, сондай-ақ білім ордасының өнерпаздары патриоттық әндер орындап, «Хиуаз қырандары» атты қыздар тобы саптық шеру көрсетті. 80 қыздан құралған топтың шеруі көрермендерге ерекше әсер қалдырды.

Шара аясында тыл ардагері, публицист-жазушы, журналист, Жұбантанушы Пұсырман Социал Жүкейұлына «Ақ жол» партиясы БҚО  филиалының төрағасы С.Мерғалиевтің атынан орынбасары А.Туркина және әйелдер қанатының жетекшісі А.Шаяхметова жылы лебіздерін білдіріп, естелік сыйлық табыстап сый-құрмет көрсетті.

Патриоттық жиынның соныңда қатысушылар батыр қыздардың рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.