22
Сәуір

Ғибрат Байсеитов қалалық мәслихаттың кестесіне сай азаматтарға қоғамдық қабылдау өткізді

22 сәуір 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

"Ақ жол" партиясының Қызылорда қалалық мәслихатындағы депутаты Ғибрат Мұратұлы Байсеитов қалалық мәслихаттың кестесіне сай  азаматтарға қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген қала тұрғыны "Бәйтерек" тұрғын ауданындағы N287орта мектеп артындағы көшелерді күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесімен жүгінді. Тұрғын өтінішіне сай Ғ.Байсеитов құзырлы органдарға депутаттық сауал жолдап, мәселенің шешімін табуға жұмыс жасайтынын жеткізді.