05
Қараша

Ғибрат Мұратұлы Байсеитов қабылдау кестесіне сәйкес қала тұрғындарына қабылдау өткізді

5 қараша 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

"Ақ жол" партиясының Қызылорда қалалық мәслихатындағы депутаты Ғибрат Мұратұлы Байсеитов қабылдау кестесіне сәйкес қала тұрғындарына қабылдау өткізді.  Қабылдауға келген тұрғындар У.Байменов көшесіне Лапин көшесінен Б.Момышұлы көшесіне дейінгі аралығын күрделі жөндеуден өткізу мәселесін көтерді.

Ақжолдық депутат Ғ.Байсеитов азаматтарға осы мәселеге орай өзінің құзыретті органдарға жолдаған депутаттық сауалымен таныстырып, мәселенің нақты шешілуіне өз тарапынан заң аясында  тиісті жұмыстар жүргізетіндігін жеткізді.