16 сәуір 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы
«Ақжол» партиясының Қызылорда қалалық мәслихатындағы №4 сайлау округінен
сайланған депутаты Байсейтов Ғибрат Мұратұлы өз сайлау округіндегі пластикалық есік, терезелер, офистік және ас
үй жиһаздарын жасап шығаратын «СК Сұлтан Бейбарыс» ЖШС жұмысымен танысты.
Кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту - ел экономикасының қайнар көзі
болғандықтан депутат аталған
серіктестіктің директоры Нұртуған Базарбайұлымен жалпы жұмыс барысында
кездесетін мәселелер жайында әңгімелесіп, кәсібіне табыс тіледі.