23
Мамыр

"Елмен бірге еңсерген 20 жыл" "Ақ жол" партиясы 20 жылдығын атап өтті

https://t.me/peruash/5812

«Ақ жол» демократиялық партиясының 20 жылдығына орай ақжолдық ардагерлердің, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінен келген делегаттардың қатысуымен конференция өткіздік. Белгілі саясаттанушы, партияның негізін қалаушылардың бірі, оның барлық съездеріне қатысушы Бөріхан Нұрмұхамедов партияның 20 жыл бойы жүріп өткен жолы туралы негізгі баяндама жасады.








Демократиялық партияның құрылуының ардагерлері біздің ұйымның 2002 жылы қалай құрылғанын, осы жылдар ішінде қандай жолды жүріп өткенін, бүгінде қандай жұмыстар атқарып жатқанын, алдағы уақытта қандай міндеттерді көздеп отырғанын айтты.

Талдықорғандық делегат Құдайберген Қаңтарбаевтың ұсынысымен конференция делегаттары өмірден өткен Мұса Патеев, Зымғали Көбенов, Алтынбек Сәрсенбаев және т.б. секілді «Ақ жол» демократиялық партиясын құруға қатысқан азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. 

Белгілі болғандай, бүгін «Ақ жол» ҚДП Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалын құрушылардың бірі Болат Дүйсенбин 80 жасқа толды. Аға ұрпақтың ізбасарлары атынан шапан жауып, бүгінгі күннің батырын құттықтадық.






Конференция делегаттары Конституцияны реформалау мен жалпыхалықтық референдумның тартымдылығын да талқылады. Басты ұстаным - Президент Қ.Тоқаев ұсынған Негізгі заңға енгізілетін өзгерістердің саяси жүйені демократияландыруға және парламентаризм институттарын нығайтуға бағытталғанын ескере отырып, оларды қолдау.

Бiрқатар мәселелер бойынша ұстанымдарда қайшылықтар болса да, бұл реформаны қолдау мемлекеттiк басқару моделiн шұғыл өзгерту қажеттiлiгiмен, сондай-ақ realpolitik принциптерiне негiзделген, келешектегі терең өзгерiстердiң практикалық бастамасы ретiндегі ойдан туындайды.

Осы бағытта халықпен, ұжымдарда түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылады.  

Ұйымдастыру мәселелерінен конференция делегаттары 8 маусымнан бастап құрылатын Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарында «Ақ жол» ҚДП-ның филиалдарын ашу туралы шешім қабылдады.




Конференция аясында партия ардагерлерінің естеліктер жинағы мен алғашқы құжаттарының тұсаукесері өтті.

«Ақ жол» партиясының қызметін үздік жариялаған журналистер де марапатталды.

Соңында 15 жылдан астам өтілі бар бір топ партия құрушыларына «Ақ жол» партиясына ХХ жыл» төсбелгісі табыс етілді.