2 ақпан 2024 жыл, “Ақ жол” демпартиясының Маңғыстау
облыстық филиалының баспасөз қызметі
Маңғыстау облыстық мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаев пен Маңғыстау облысы
әкімінің орынбасары Қанат Құлжанов бастаған делегация Иран Ислам Республикасына
барды.
Делегация құрамы облыстық, қалалық
аудандық мәслихат төрағалары мен депутаттары, мемлекеттік қызметкерлер,
кәсіперлерден құрылған. Делегаттар қатарында “Ақ жол” демпартиясынан Маңғыстау
облыстық мәслихат депутаты Бекнұр Бисенов, партияның филиал төрағасының
орынбасарлары Жандарбек Жанғожин (кәсіпкер) мен Мұрат Бекмағанбетов (кәсіпкер),
партияның белсенді мүшесі, кәсіпкер Жеңіс Есқалиевтер бар.
Қызметтік сапардың мақсаты екіжақты ынтымақтастықты арттыру, депутаттардың
тәжірибе алмасуына, денсаулық, кәсіпкерлік, туризм салалары мен экономикалық,
сауда және мәдени байланыстарды нығайту. Маңғыстаулық делегациясы алдымен
Мазандаран провинциясының губернаторымен кездесті.
Мазандаран провинциясының басшысы Хосейни Пур Каспий теңізі арқылы шектесіп
жатқан қос өңір арасындағы әріптестік ынтымақтастықтың дами түсуіне мүдделі
екенін жеткізді. Мазандаран - Иран Ислам республикасының ауылшаруашылығы мен
туризм, оның ішінде медициналық туризм қарқынды дамыған аймақ. Мазандаранның
орталығы Сари қаласында діни және тарихи орындар көп шоғырланғандықтан мұнда
туристер ағыны мол. Жылына 40 млн саяхаттаушы келеді екен.
Маңғыстау облысының делегация сапары Мазандарандағы өндіріс ошақтарында
жалғасады.