8 ақпан 2024 жыл, “Ақ жол” демпартиясының Маңғыстау
облыстық филиалының баспасөз қызметі
Иран Ислам Республикасына барған Маңғыстаулық делегаттар қатарындағы “Ақ
жол” демпартиясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты, “Алға” мүгедектер спорт
клубы төрағасының орынбасары Бекнұр Бисенов Иран Ислам Республикасының
параволейболдан ұлттық құраманың бапкері Джалил Эмиримен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстанның параспортын, соның ішінде параволейболын
дамыту мақсатында келіссөздер жүргізілді. Иран спортшылары параспорт бойынша
әлемде көшбасшы болып саналады.
Джалил Эймири 5 рет параолимпиадаға қатысып, соның ішінде 3 рет жеңімпаз, 2
мәрте күміс жүлдегер атанған даңқты спортшы. Келіссөз нәтижесінде Джалил Эмири
Қазақстанның ұлттық құрамасын дайындауға ниет білдірді.
Жаңаөзен қаласындағы “Алға" мүгедектер спорт клубы төрағасының
орынбасары Бекнұр Бисенов Маңғыстау параспортын дамыту мақсатында ирандық
спортшылармен бірлескен оқу-жаттығуларын өткізуге де келіскендерін жеткізді.
- «Алдағы уақытта өзара тәжірибе алмасу мақсатында Ақтауға ирандықтарды
шақырып, оқу-жаттығу жиындарын бірлесе жүргізуді қарастырып отырмыз. Олар
біздің ұсынысымызды қабылдады. Бұл жаттығулар біздің спортшыларымыздың
тәжірибесін арттырып, үлкен жарыстарда топ жаруымызға мүмкіндік береді деген
сенімдеміз», - деді "Алға" мүгедектер спорт клубы төрағасының
орынбасары Бекнұр Бисенов.