04
Сәуір

Иса Байзақовтың 125 жылдығына орай «Дауылды жырдың дүлдүлі – Иса ақын» атты әдеби-сазды кеш өтті

4 сәуір 2025 жыл, Павлодар облыстық филиалы

Бүгін Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде ақын, әнші, композитор Иса Байзақовтың 125 жылдығына орай «Дауылды жырдың дүлдүлі – Иса ақын» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Шара барысында Иса Байзақовтың әндері шырқалып, өмірі мен шығармашылығы жайлы қызықты деректер айтылды. Партия филиалының идеологиялық және қоғамдық жұмыс жөніндегі маманы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айбек Оралханов ақынның шығармашылығы туралы мазмұнды баяндама жасады.

Кеш аясында «Бір сурет – бір өлең» атты қалалық өнер байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Сондай-ақ, партия филиалы төрағасының орынбасары Гүлмира Мерсайқызы сөз сөйлеп, Алаш идеясын бағдар еткен партияның ұстанымы жас дарындарды қолдау екенін атап өтіп, байқау қатысушыларына партия филиалы төрағасының алғыс хаттарын және ынталандыру сыйлықтарын табыстады.

Шараға өңірдің зиялы қауым өкілдері қатысты.

Иса Байзақовтың өршіл рухты жырлары мен сырлы әндері қазақ халқының жүрегінде мәңгілік орын алатын болашақ ұрпаққа рухани азық. Оның шығармашылығы ұлттық мәдениетіміздің алтын қазынасы болып, қазақ өнерінің асқақ биігінде жарқырай бермек!