25
Ақпан

Юрий Казанин әлеуметтік мәселелер және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссияның кезекті отырысын өткізді

25 ақпан 2025 жыл, Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Бүгін 25 ақпан күні Ақ жол партиясынан сайланған Орал қалалық мәслихатының депутаты Юрий Казанин әлеуметтік мәселелер және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссияның кезекті отырысын өткізді.

Күн тәртібінде:

1. Жастарды жұмыспен қамту: қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына оқу орындарының түлектерін қабылдау және техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру туралы.

(Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

БҚО еңбек мобильділігі орталығы

Орал қаласының мансап орталығы)

2. Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі туралы.

(Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі)

3. Қалалық мәдениет және тілдерді  дамыту бөлімі бойынша өзекті мәселелер туралы (қаладағы мәдениет нысандарының жетіспеушілігі, материалдық-техникалық базаның жаңартылуы, тіл саласындағы мәселелер және т.б.)

(Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі).

Отырыс барысында комиссия мүшелері өз пікірлерімен ұсыныстарын айтты.