28
Мамыр

«Әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі» комиссиясының кезекті отырысы

2024 жылдың 28 мамыр Шымкент қаласы әкімдігінде «Әйелдер істері және отбасылық -демографиялық  саясат жөніндегі» комиссиясының  кезекті  отырысы  өтті. Жиынға « Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының заңгері, комиссия мүшесі   Данара Саранова  қатысты.  Жиналғандар  қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету,  отбасылық зорлық-зомбылық  зардап  шеккен азаматтардың дағдарыс  орталығындағы жағдайы  бойынша мәселелер қаралды. Сондай-ақ,   денсаулық  сақтау  мамандарының мәліметіне  сәйкес  мегаполисте соңғы үш жыл ішінде ана мен бала өлімі  азайған. Бұдан басқа комиссия отырысында балалардың  қауіпсіздігі,  полиция жанындағы  әйелдерді  зорлық- зомбылықтан қорғайтын  әйел инспекторларының жұмысы, әйелдер кәсіпкерлігін  қолдау және қаржылық сауаттарын арттыру бағытында     шаралары талқыланды.