19 қыркүйек 2025 жыл, Атырау облыстық филиалы
Атырау қаласында «КаспийМұнайГаз» АҚ жанындағы ғылыми-зерттеу және жобалау
институтының («НИПИ КаспийМұнайГаз» АҚ) 85 жылдық мерейтойына орай халықаралық
конференция ұйымдастырылды.
Шара «85 жыл инженерлік көшбасшылық пен жетістіктер» тақырыбында өтті.
Конференция жұмысына отандық және шетелдік компаниялардың өкілдері, салалық
мамандар, мемлекеттік органдар мен ғылыми-зерттеу орталықтарының сарапшылары
қатысты.
Сондай-ақ аталған шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С. Ерубаев, «Ақ
жол» ҚДП Атырау облыстық филиалының төрағасы Е. Юсупов және партия белсенділері
қатысты.
Шара барысында «КаспийМұнайГаз» АҚ-ның 85 жылдығына орай мәжілісмен «Ақ
жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Тұрлыбекұлы Перуашевтің атынан
Алғыс хат табыстап, сондай-ақ басқарма төрағасы С. Ким мен саланың дамуына
сүбелі үлес қосқан бірқатар қызметкерлерді партияның «Еңбегім еліме»
төсбелгісімен марапаттады.
Конференция аясында мұнай-газ саласындағы заманауи технологиялар, цифрлық
шешімдер, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету және болашақтағы жобалау
стандарттары бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
Бұл халықаралық алаң сала мамандары үшін тәжірибе алмасып, жаңа серіктестік
орнатуға мол мүмкіндік берді.
Шара соңында басқарма төрағасы конференция қонақтары мен қатысушыларына
ризашылығын білдірді.


