11 қыркүйек 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиалы
Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің
Ұлытау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Kazakhmys-Energy» ЖШС-не
тиесілі Жезқазған жылу электр орталығының ағымдағы жылға жоспарланған
инвестициялық жобаларының орындалуы, тарифтер деңгейі және жылу маусымына
дайындық барысы таныстырылды.
Кездесуге Ұлытау облыстық мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасары,
«Атамекен» палатасының өкілдері мен БАҚ қызметкерлері қатысты.
ЖЭО-ның атқарушы директоры Е.Жұмақанов күн тәртібіндегі мәліметтермен
бөлісіп, орталықты аралатып, атқарылып жатқан жұмыстарды көрсетті.
«Ақ жол» партиясының Ұлытау облыстық мәслихат депутаты Бекзат Дайрабайұлы өзекті сұрақтарын қойып, қала тұрғындарын алаңдатқан мәселелер бойынша жауап алды. Сондай-ақ тексеріс нәтижелеріне байланысты пікірін жергілікті телеарнаға сұхбат беріп жеткізді (https://youtu.be/HMgslqBKMyM?si=tN2oqtCGNlj8X-57).





