27 маусым 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
Жамбыл облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасындағы сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің кезекті
отырысына кеңес мүшесі, «Ақ жол» партиясынан Тараз қалалық мәслихатына
сайланған депутат Руслан Мырқалықов «ЗУМ» байланыс жүйесі арқылы қатысты.
Жиында шағын және орта бизнестің жай-күйі,
кәсіпкерлер жолындағы кедергілер жайлы айтылды.
Жеке кәсіпкерліктердің өтініштері бойынша
күн тәртібіне енгізілген мәселелер қаралды.