13
Қыркүйек

Кезекті сессияда Мақсат Сұлтанғазиев “Ақ жол” ҚДП- ның ұстанымын айтты

13 қыркүйек 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

“Ақ жол” партиясынан сайланған депутат Мақсат Сұлтанғазиев Шу аудандық мәслихатының кезекті сессиясында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысының Жолдауынан туындаған жаңа міндеттерге тоқталып, "Ақ жол" демократиялық партиясы Президент Қ.Тоқаевтың  "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты халыққа және Парламентке жасаған Жолдауын түбегейлі қолдайтынын атап өтті.

Ақжолдықтардың көтерген мәселелері мен ұсыныстарына тоқталды. Сондай-ақ ауыл тұрғындары үшін әрқашан өзекті мәселе саналған жер мәселесі бойынша аудан әкімдігіне ұсыныс жасады.