19 сәуір 2025 жыл, Алматы облыстық филиалы
Бүгін 19 сәуір 2025 жылы Алматы облысы Іле ауданы, Қараой ауылында тұратын Ибрағимова Күлихан әжемізге Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай Алматы қаласының ардагерлер Қоғамдық бірлестігінің атынан дайындалған “Дети войны” төс белгісің табыс еттік. Әжеміз 1937 жылы дүниеге келіп, соғыс уақытының қиындығын басынан өткерген адам. Әжемізді құттықтауға Алматы облысы “Ақ жол” демпартиясының филиал басшысы Шынасылова М, Іле ауданының маслихат депутаты Әлімбаев Ж, Іле ауданы Қоғамдық кеңесінің “Ақ жол” демпартиясының аудандағы белсеңді мүшесі Бармашиков Д барды. Әжеміз партия басшылығына және Алматы қаласының ардагерлер үйінің басшылығына батасын берді. Әжемізге өз атымыздан сый сыяпаттар табыстадық.
