23
Ақпан

Климаттың өзгеруі және жастардың рөлі тақырыбында білім беру сессиялары мен Climate Fresk симуляциялық ойыны өтті

23 ақпан 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы

Youth Climate Talks Shymkent – Climate Fresk

23 ақпанда Шымкент қаласында климаттың өзгеруі және жастардың рөлі тақырыбында білім беру сессиялары мен Climate Fresk симуляциялық ойыны өтті. Қатысушылар интерактивті форматта күнделікті әрекеттердің Жер болашағына әсерін түсініп, негізгі климаттық үдерістерді талқылады.

Іс-шараны ұйымдастырып, спикер болған “Ақ жол” ҚДП Шымкент қалалық филиалының заңгері және партия жанындағы жастар қанатының өкілі Данара Саранова қатысты.