(Парламент Палаталарының бірлескен отырысындағы "Ақ жол" фракциясының мәлімдемесі)
«Ақ жол» фракциясы үкіметтің 2023 жылғы Есебіне қарсы дауыс береді.
Біріншіден, бұл бюджет кірістерін қамтамасыз етудегі
толық сәтсіздік.
Мәселен, 2023
жылға арналған салық түсімдері жоспар бойынша 14,3 трлн. бола тұра 13 трлн.
немесе жоспардың 90% ғана құраған.
Бұл ретте оның 3
триллионы кәсіпорындардан аванстық төлем түрінде алынған, яғни, олардың әлі
түспеген табысы арқылы қамтамасыз етілген. Аванстық төлемдерді есепке алмағанда бюджеттің салық
түсімдері небәрі 10 трлн, яғни жоспардың
70% құрады.
Бұл экономика
мен бизнесіміздің нақты төлем қабілеттілігі және жағдайының шынайы көрсеткіші -
шенеуніктердің құрғақ сөзінің 70% ғана.
2023 жылы
қосылған құн салығын қайтару 2 есеге азайып, соңғы 9 жылдағы ең нашар нәтижені
көрсетті. Қосылған құн салығын қайтару бойынша бюджет қарызы жыл қортындысы
бойынша 594 млрд теңгені құрады.
Яғни, 2023 жылғы
салық саясаты бюджеттің жоспарланған кірістілігін қамтамасыз ете алмауымен
қатар, кәсіпорындардың мүдделеріне елеулі зиян келтіріп, айналымдағы қаржыны
"қатырып қойды".
Ұлттық банктің
базалық мөлшерлемесін ескеретін болсақ, онда 3 триллион аванстық КТС пен 600 миллиардқа жуық кешіктірілген қосылған
құн салығынан бизнестің шартты шығыны, біздің бағалауымызша, 300 миллиард
теңгеге дейін жеткен.
Мұндай амалдардың
тікелей нәтижесі биыл, 1 тоқсанда бюджеттік міндеттемелердің қатты төмендеуі
саналады, себебі ақша алдын ала алынып қойған.
2023 жылдың
бюджеті, сондай-ақ, жаңа берешектер
есебінен қамтамасыз етілген.
Бірақ, берешек
дегенің "қақпан" секілді, оған
кіру – бір теңге
тұрса, шыққанын - екі.
3 жыл ішінде
оларға қызмет көрсету құны екі есе өскен, 2023 жылы бұл мақсатқа 4 триллион 258
миллиард теңге немесе барлық шикізаттық емес түсімдердің үштен бірі дерлігі
бағытталған;
Бөтеннің ақшасын уақытша алсаң, өз ақшаңды біржола
бересің.
● Біздің
сынымыздың екінші себебі - Үкіметтің шығыс саясатының созылмалы сипатқа ие
болған екіұдайлығы: қымбат бағдарламаларға жұмсалатын шығындардың артуы және
шынайы секторды қаржыландырудың қысқаруы.
Соңғы 10 жылда бюджет шығыстарындағы шынайы сектордың
үлесі бір жарым есеге, ал даму бюджеттерінің үлесі тіпті екі есеге қысқарды.
Бюджет шығыстарының орнын толтыру әлеуеті қалпына
келтірілмей, керісінше ысырап болып жатыр десе де болады.
Өңдеу саласының
4,1%-ға өсуі көңілге үміт ұялатады.
Бірақ бұл
саланың 50%-ға жуығын металлургия, металл өңдеу және мұнай өңдеу, тағы 5%-ын ұн
және нан өндіру.
Яғни, біздің
өңдеу өнеркәсібіміз негізінен табиғи шикізаттың алғашқы өңдеуі ғана, ал жаппай
күрделі және технологиялық өнімді дайындаудың ауылы әлі де алыс.
Оған қоса, бұл
көрсеткіште көршілерге жасалатын жасырын реэкспорт пен жинақталатын техниканың
асыра бағаланған ішкі құнының үлесі қаншалықты екені белгісіз.
Президент Қ.Тоқаевтың машина жасауда жинақтауыштарды
шағын түйінді жинақтау мен отандық өндіруге көшу міндетін қоюы кездейсоқ емес.
Жеке кәсіпорындар бұл тәсілді қазірдің өзінде жүзеге
асыруда, бірақ ол өнеркәсіптік өндірістің барлық спектрі бойынша мемлекеттің
жалпы қатаң талабына айналуы керек.
●Үшінші себеп: мемлекеттік кәсіпорындардың паразиттік
рөлі.
Квазимемлекеттік сектор жалпы ішкі өнімнің шамамен 40% құрайды,
бірақ оның жалпы қосылған құнының үлесі небәрі 14%.
Квазимемлекеттік
секторды қаржыландыру құрылымында мемлекеттік қаржы 80% құраса, ал нарықтан
түсетіні небары 20%-дан аспайды.
Квазимемлекеттік
сектордағы сатып алулардың сыбайлас жемқорлық фактілері бөлек мәселе. Олар мемлекеттік сатып алу көлемінен екі есе көп
және 3 триллион 800 миллиард теңгені құрайды. Кейбір деректерге сүйенсек,
сыбайлас жемқорлық қылмыстарының 80 пайызы осы салада жасалады.
Оған қоса, 2023
жылы бір көзден сатып алу көлемі (яғни, бәсекелестерден жабық және
максималды баға бойынша) 3,3 есе өсіп, 2 трлн теңгеге жетті және
квазимемлекеттік сектордағы шығыстардың негізгі әдісіне айналды.
Бір көзден сатып алуларды түбегейлі тыю керек.
Борыштық
жүктемені қалыптастыруда да квазимемлекеттік сектор орасан зор рөл атқарады:
мәселен, бес жыл ішінде мемлекеттік бюджет квазимемлекеттік кәсіпорындардың 480
млрд теңге қарызын өтеді. Ал 2023 жылғы деректерге қарағанда, бұл үрдіс тек
өсуде.
2023 жылы дивиденд ретінде квазимемлекеттік
сектор бюджетке 1трлн 380 млрд теңге
аударды, оның 1 трлн 26 млрд Ұлттық банктің «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының
акцияларын сатып алуының нәтижесі.
Мемлекеттік
органның Ұлттық қордың қаражатына онсыз да мемлекет құрған және мемлекетке
тиесілі компанияның акцияларын сатып алуы – қоғамда түрлі сұрақтар тудыруда,
біздің ойымызша, бұл Парламентте бөлек талқылауды қажет етеді.
Оның үстіне
жуырда «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясына қатысты да осындай шешім
жарияланды.
«Ақ жол»
демпартиясы мемлекеттік органдар ұлттық компаниялардың акцияларын сатып алмаса
да, олардың барлығы түскен пайданы бюджетке бағыттауға міндетті екеніне
сенімді.
Біздің фракция
Мәжілісте талқыланып жатқан Бюджет кодексінің жобасына осындай ұсыныс жолдады
және біз өз ұстанымыздан қайтпаймыз.
Ал ҚМГ-ны сатып
алудан түскен дивидендтерді есепке алмағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері
2023 жылы бюджетке небәрі 260 млрд теңге
қайтарды, яғни, таза табыстың тек 10%-ы ғана, бұл мемлекет пен қоғамды кемсіту деп есептейміз.
● Халықтың
қаржысын пайдаланудағы осы және өзге де кемшіліктердің қайталануы, сондай-ақ
Президент Қ.Тоқаевтың конституциялық реформасын жүзеге асыру мақсатында «Ақ
жол» фракциясы Жоғары есеп палатасы анықтаған бюджеттік бұзушылықтар мен
сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Мәжіліске Парламенттік тергеу жүргізу
құқығын беруді ұсынады.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, «Ақ жол» демпартиясы бұрынғы Үкіметтің 2023 жылға арналған жұмысын қанағаттанарлықсыз деп санап, ұсынылған Есепке ҚАРСЫ дауыс берді.
Назарларыңызға
рахмет.