11 наурыз 2023 жыл, “Ақ жол” демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Үкіметтің қарсылығына қарамастан “Ақ жол” партиясы Қашаған, Қарашығанақ және Теңіз кен орындары бойынша шетелдік инвесторлармен жасасқан келісімшарт (ӨБК – өнімдер бөлімі туралы келісім) талаптарын ашу және жақсарту үшін әрекет етуді жалғастырады — бұл туралы Азат Перуашев Алматыдағы партия жақтастарының кездесуінде мәлімдеді.
Еске сала кетейік, шетелдік инвесторлармен жасасқан шикізат келісімшартарын жария қылуды “Ақ жол” партиясы 2022 жылғы 5 маусымда өткен, 6 бабының 3 тармағы “Жер және жер қойнауы, су, өсімдік және жануарлар, басқа да табиғи ресурстар халықтыкі” деп өзгертіліп, көбірек резонанс тудырған конституциялық реформа референдумынан кейін бірден талап еткен болатын.
2022 жылғы 15 маусымдағы сауал бойынша “Ақ жол” партиясының депутаттары Үкіметке келесі ұсыныстарды жасады:
1. Мұнайгаз шығару орындарын пайдалану, қара және түсті металл рудасын қазу бойынша шетелдік ірі инвесторлармен жасалған келісімшарт талаптарын қоғам үшін ашық қылу. Бұндай келісімшарттарды e.gov “азаматтарға арналған үкімет” дереккөзінде жалпыға қолжетімді қылып жариялау. Аталған келісімшарттарда қоғамнан жасырын нормалар мен шарттардың болу мүмкіндігін жою.
2. Жер қойнауын пайдалану бойынша келісімшарттағы шетелдік ірі инвесторлардың міндеттеріне Отандық бизнес және кәсіпорындармен бірлескен қосымша жобаларға қатысуы, технологияларды үйрету арқылы қолданылатын құрылғылардағы ауыстыруға болатын түйіндер мен детальдарды өндіруден бастап жергілікті қоғамның технологиялық, кадрлық және ғылыми-техникалық дамуына үлес қосуын кіргізу.
3. Бұл тәсілдерді тек жаңа жобаларға емес, шартты ұзарту уақыты келіп қалған қазіргі бар келісімдерге де қолдану.
Олан бөлек, “Ақ жол” партиясы бұл талаптар осыған дейінгі Қазақстаннан шығарылған қаржының шынайы көлемін анықтауға септігін тигізіп, оларды іздеу мен елге қайтару жолдарын табуға мүмкіндік беретінін атап өтті (https://akzhol.kz/ru/initiated-bills/dempartiia-ak-zhol-trebuet-raskrvat-pered-obshtestvom-usloviia-kontraktov-na-dobchu-neftegazovh-resursov-rud-cvetnh-i-chernh-metallov-s-krupnmi-inostrannmi-investorami).
Алайда, 2022 ж. 15 тамыздағы жауабында Үкімет шетелдік инвесторлардың қарсы болуы мүмкін екенін алға тарта отырып, ӨБК шарттарын ашық көрсетуден бас тартты (http://t.me/peruash/6741). Сонда жер иесінен (халықтан) оның байлығын шетелдіктер қалай басқарып жатқанын жасыруға болатын болғаны ма?
2022 ж. 22 қыркүйекте Орда.кз сайты “Қашағандағы қазбаның 2%: билік Қазақстан мұнайын неге арзанға бағалады?» атты мақаласында халықаралық WoodMackenzie консалтингтік компаниясына сілтеме жасай отырып, еліміздің ірі кен орындарының біріндегі мұнай өндірісінен Қазақстан бар-жоғы 2% алатынын жазды (https://orda.kz/brilliant-v-korone-kazahstana-kto-vyigryvaet-ot-prodazhi-nefti-na-kashagane/).
Сондықтан, “Ақ жол” демпартиясы Парламент арқылы шетелдіктер еліміздің қайта жаңаланбайтын табиғи байлықтарын қандай шарттармен пайдаланып отырғанын ашуға әрекет жасауын жалғастырады. Сондай-ақ, Қазақстан үшін тиімсіз тұстар анықталған жағдайда мемлекеттік органдар шарттардың жақсартылуын талап етуге міндетті және бұл тек қаржымен шектелмеуі керек.
“Тәуелсіздік алған 30 жылда Қазақстан мұнайгазын экспорттаушы бірде-бір инвестор мұнай өңдеу зауытын салған жоқ. Барлығы шикі мұнайды сыртқа шығарады, ал, елімізде әр көктем мен күз сайын жанар-жағармай тапшылығы мен бағаның көтерілуі орын алып, барлық тауарларға әсер етеді.
Шикізат алыптары біздің экономикамыздың құрылымын өзгертуге, жер қойнаіын пайдаланушылар қолданатын техникалалардың, ауыстырылатын түйіндер мен детальдардың техникалық құжаттарын Қазақстандық өндіріс орындарына беруге ат салысуы қажет. Біз бұл сауалдарды Парламентте көтереміз және сайлаудан кейін де талап етуді жалғастырамыз”, - деп мәлімдеді “ Ақ жол” партиясының басшысы митингке қатысушыларға.