24 сәуір 2025 жыл, Алматы облыстық филиалы
Бүгін 24 сәуір, 2025 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласының
тұрғыны Ұлы Отан соғысының ардагері Жілгелдиев Омархан атамыздың қызы, 80
жастағы Омарханова Света әжеміздің үйіне келдік. Ұлы Отан соғысының 80
жылдығына арнап Алматы қалалық ардагерлер үйінің шығарған “Дети войны” төс
белгісімен Омарханова Света әжемізді марапаттадық. Төс белгіне апайымызға
табыстауға Алматы облысы “Ақ жол” демпартиясының филиал басшысы Шынасылова М
барды. Әжеміз 5 баланың анасы. Немере, шөбере сүйіп отырған әже! Света әжеміз
Алматы қалалық ардагерлер үйінің төрағасы Жампейсов К.О және “Ақ жол”
демократиялық партиясының төрағасы Перуашев А.Т батасын беріп, рахмет айтты.
Әкесі туралы біраз естеліктермен бөлісті.

