09
Мамыр

Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесі қарсаңында ардагерлерге құрмет көрсетілді

9 мамыр 2025 жыл, Түркістан облыстық филиалы

9 мамыр – Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесі қарсаңында халқымыздың бейбіт өмірі үшін күрескен ардагерлерге деген құрмет ерекше болды.

Осы атаулы күнге орай Сауран аудандық мәслихат депутаты Махсуд Хажиев Ескі Иқан ауылында өткен салтанатты жиынға қатысып, тыл ардагерлері, ауыл тұрғындары және жас ұрпақпен кездесті.

Кездесу барысында ол ардагерлердің естеліктерінен шынайы әсер алғанын жеткізіп, ұрпақтар сабақтастығы мен Отанға деген махаббаттың бұл жерде айқын сезілгенін атап өтті.

Сауран ауданында  ұйымдастырылған мерекелік шара барысында халықпен бірге Ұлы Жеңістің рухы тағы да сезілді. Бұл – тарихты құрметтеу мен бейбіт өмірдің қадірін білу деген сөз.

Махсуд Хажиев осындай басқосулардың жас ұрпақтың бойында патриоттық рух қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынына сенім білдірді.

Ол барша тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтап, әр шаңыраққа амандық, ынтымақ пен бақыт тіледі.