07
Мамыр

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекелеріне ақжолдықтар түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда

7 мамыр 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесінің мән-маңызын арттыру мақсатында ақжолдықтар түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, бастамашылдық танытуда.

«Ақ жол» партиясынан сайланған Тараз қалалық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Руслан Мырқалықов басқаратын «Айырылмас» сауда кешеніндегі жеке кәсіпкерлер мен сатушылар Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырлардың есімдері жазылған мерекелік лента тағып, тұрғындарға қызмет көрсетуде.

Бұл – ерлердің есімін дәріптеп, жас ұрпаққа насихаттаудың үлгісі.