09
Мамыр

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты гүл шоғын қою рәсімі өткізілді

9 мамыр 2025 жыл, Ақтөбе облыстық филиалы

2025 жылғы 9 мамыр күні Ақтөбе қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты гүл шоғын қою рәсімі өткізілді. Аталған іс-шара Әлия Молдағұлова мемориалдық ескерткіші жанында өтті.

Іс-шараға «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының Ақтөбе облыстық филиалының ұжымы, сондай-ақ барлық саяси партиялардың өкілдері мен облыстың зиялы қауым өкілдері қатысты. Рәсімге Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров арнайы келіп, қатысушылар алдында сөз сөйледі. Ол өз сөзінде соғыс ардагерлерінің және тыл еңбеккерлерінің елге сіңірген зор еңбегін атап өтіп, бүгінгі бейбіт өмірдің сол ерліктің нәтижесі екенін ерекше атап өтті.

Гүл шоқтарын қою арқылы қатысушылар Ұлы Отан соғысы кезінде ерлікпен қаза тапқан батырларымыздың рухына тағзым етіп, олардың есімдерін мәңгілік жадымызда сақтау қажеттілігін тағы бір мәрте паш етті. Әсіресе, қазақтың қаһарман қызы — Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлігі ерекше атап өтілді.

Іс-шара барысында бір минут үнсіздік жарияланып, ардагерлерге құрмет көрсетілді.