6 мамыр 2025 жыл, Батыс Қазақстано блыстық филиалы
Бөрлі аудандық мәслихатының төрағасы Куаныш Ермекбаев, Ақ жол партиясынан
сайланған мәслихат депутаты Бахытжан Гадельшиев, Нұржан Мурзабеков Ақсай
қаласының тыл ардагерлері Владимир Петрович Приешкин мен Айбатша Игликоваға ҚР
Президентінің «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы» мерекелік медальдарын
салтанатты түрде табыстады.
Ел басына күн туған кезеңде еңбекпен елеулі үлес қосып, Жеңісті жақындатуға
аянбай тер төккен ардагерлеріміз – бүгінгі бейбіт өмірдің негізін қалаушылар.
Олар көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын беріп, бейбіт
өмірдің бағасын жастарға жеткізе айтты.

