15
Қазан

Ұлан Қозыбақов Қытай Халық Республикасының Ақтөбедегі Бас консулы Го Юй бастаған делегациямен ресми кездесу өткізді

15 қазан 2025 жыл, Ақтөбе облыстық филиалы

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Ұлан Қозыбақов және мәслихаттардағы партия депуттары Қытай Халық Республикасының Ақтөбедегі Бас консулы Го Юй бастаған делегациямен ресми кездесу өткізді. Делегация құрамында Бас консулдың орынбасары Чжан Нань және консулдық атташе Се Луцзюнь болды.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы өңіраралық әріптестікті дамыту, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдау бағытындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сонымен қатар логистика, агроөнеркәсіп, білім беру және мәдени-гуманитарлық салалардағы бірлескен жобалар жайында да пікір алмасты.

Кездесу ашық, сындарлы және достық атмосферада өтті. Қытай тарапы Ақтөбе өңірінің экономикалық әлеуетін жоғары бағалап, өзара тиімді жобаларға қызығушылық танытты.

Өз сөзінде Ұлан Қозыбақов партия атынан екіжақты ынтымақтастықты дамытуға, нақты жобалар бойынша тәжірибе алмасуға дайын екенін білдірді. Кездесу қорытындысында тараптар тұрақты байланыс орнату және бірқатар ұсыныстарды нақтылау бойынша жұмыс жүргізуге уағдаласты.