01
Қыркүйек

Әлібек Исин Қабанбай батыр ықшам ауданында салынған «Жайлы мектеп» білім ошағының ашылу салтанатына қатысты

1 қыркүйек 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиалы

Ұлытау облысы бойынша ҚДП «Ақ жол» филиалының төрағасы Әлібек Исин Қабанбай батыр ықшам ауданында салынған «Жайлы мектеп» білім ошағының ашылу салтанатына қатысты. Жоба облыстық мәслихат депутаты Аяна Мукееваның табанды еңбегінің, әкімдікке бірнеше мәрте жүгініп, бастаманы жүйелі түрде ілгерілетуінің нәтижесінде жүзеге асты.

«Жайлы мектеп» заманауи талаптарға сай жабдықталған және оқушылардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасайды. Атап айтқанда:

                    Хореография залы – шығармашылық қабілетті дамытуға арналған кеңістік;

                    Робототехника кабинеті – STEM бағытындағы терең білім мен практикалық дағды қалыптастыруға мүмкіндік;

                    Сахна мен грим бөлмесі – мәдени-бұқаралық іс-шараларды кәсіби деңгейде өткізуге жағдай;

                    Ерекше қажеттіліктері бар жандарға арналған сахнаға шығу құрылғылары – толыққанды қолжетімді және инклюзивті орта;

                    Спорт залы – оқушылардың дене шынықтыруымен жүйелі айналысуына мүмкіндік;

                    Кітапхана – соңғы үлгідегі стандарттарға сай оқу ресурстарымен қамтылған.

Бұл білім ордасының ашылуы өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын нығайтып, өскелең ұрпаққа сапалы білім алуға кең мүмкіндіктер ашады. ҚДП «Ақ жол» партиясы қоғам игілігіне бағытталған осындай бастамаларды қолдауды жалғастыра береді.