22 тамыз 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиалы
Ұлытау облысы бойынша ДПК “Ақ жол” филиалының төрағасы Әлібек Исин бастаған
делегация Қаражал қаласына іссапармен барды. Делегация: Облыстық мәслихат
депутаты Аяна Мукеева, партия мүшелері Руслан Камзин, Гулжан Рахимбекова,
Жастар Қанатының жетекшісі Гаухар Менлибаева кәсіпкерлермен кездесті.
Кездесу тізгінің Қаражал қаласының үйлестірушісі Сексен Сүлейменов
жүргізді.
Кездесуге кәсіпкерлермен бірге Қаражал қ-ның әкімінің орынбасары Аманғазы
Наукенов, мәслихат басшысы Жанат Сатанов,
Қаражал қ-сы бойынша “Атамекен” палатасының басшысы Гаухар Отыншина қатысты. Кәсіпкерлер облыстағы
бірқатар күрмеуі шешілмей тұрған СПК бойынша мәселелерді көтеріп, өздерінің
ұсыныстарын жеткізді.
Қаражал қаласында белең алған СПК мәселесін шешудің бірден - бір жолы
кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасау,
- деді Әлібек Исин.
Соңынан ДПК “Ақ жол” ҰОФ бойынша төрағасы Әлібек Исин партияның жаңа
мүшелері Салима Рысмагамбетова және Жұмакүл Кокинаға партиялық билеттер мен
төсбелгілерін салтанатты түрде табыс етті.
Партиямыздың жаңа мүшелеріне Ақ жол тілейміз!






