22
Қазан

Әлібек Исин Кеңес мүшелерімен жиналыс өткізді

22 қазан 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиалы

Бүгін Ұлытау облысы бойынша ҚДП «Ақ жол» филиалының төрағасы Әлібек Исин Кеңес мүшелерімен жиналыс өткізді. Кездесу барысында төраға Ұлытау ауданына жасалған іссапардың есебін беріп, өңір кәсіпкерлерімен өткен мазмұнды кездесудің нәтижелерін баяндады.

Сондай-ақ, жиналыста партия Кеңесінің құрамы 13 адамға дейін қысқартылып, өз еркімен шыққан мүшелердің орнына партия жұмысына белсенді қатысып жүрген жаңа мүшелер енгізілді.

Бір ауыздан қабылданған шешім бойынша:

🔹 Сағадат Мұхамбетов – Ұлытау облысы бойынша ҚДП «Ақ жол» филиалы төрағасының орынбасары, «ҰлытауТурСервис» ЖК директоры;

🔹 Руслан Камзин - кәсіпкер,«Жанұя» желілерінің директоры;

🔹 Рамазан Сайлаубек -  «Самади» гипермаркетінің коммерциялық директоры Кеңес мүшелерінің қатарына енді.

Әлібек Исин жаңа мүшелерді құттықтай отырып:

«Партияның күші – бірлікте. Әр белсенді азаматтың үлесімен біз өңіріміздің өркендеуіне жол ашамыз. “Ақ жол” партиясы – бұл әрекет пен нәтиженің жолы”- деді.

Бұл жаңару – партияның дамуға, нәтижеге және әділдікке бағытталған жаңа қадамы!