20
Қыркүйек

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН МОНЕТАСЫ



Биыл Қазақстанда Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл толуына орай, естелік монета шығарылатыны бұған дейін хабарланған болатын. 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің хабарламасында монета биылғы жылдың екінші жартыжылдығында шығарылатындығы айтылған.
Бүгін аталған монетаның суреті әлеуметтік желілерде жарияланып, белсенді жұрт бір-бірін құттықтап жатыр.

Дерек көзі - abai.kz