14
Мамыр

Ләйлә Бесбаева елді мекендегі мәселелер бойынша сауал жолдады

14 мамыр 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

Байзақ аудандық мәслихатының бірлескен тұрақта комиссиясының отырысында бірнеше мәселе қаралды.

Ауданның 2024 жылға арналған бюджетінің игерілуі, Байзақ ауданы бойынша ауылдық елді-мекендерді сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстары қаралды.

Күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша тиісті мекеме басшылары баяндама жасады. Жиында Байзақ аудандық мәслихатының «Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау» жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Елнұрбек Ермекұлы да бірқатар түйткілдерге тоқталды.

Елді-мекендердің жай-күйі қозғалған жиында «Ақ жол» партиясынан сайланған Байзақ аудандық мәслихатының депутаты Ләйлә Беспаева тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз ету туралы айта келіп, өзі сайланған Үлгілі ауылдық округіне қатысты бірнеше мәселе көтеріп, сауал жолдады.

Депутаттық сауалда Үлгілі ауылында педиатр дәрігер жетіспейтінін, елді мекендегі қаңғыбас иттердің балаларға қауіп төндіріп тұрғанын, орталыққа қатынайтын қоғамдық көліктің жоқтығын қозғалған.