17
Ақпан

Ләйлә Бесбаева Үлгілі ауылдық округінде сайлаушыларымен кездесу өткізді

17 ақпан 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

Азаматтар ақылы қоғамдық жұмыстардың айлық жалақысы көтерілсе дейді.

«Ақ жол» партиясынан сайланған Байзақ аудандық мәслихатының депутаты Ләйлә Бесбаева Үлгілі ауылдық округі әкім аппараты мәжіліс залында сайлаушыларымен кездесу өткізді.

Кездесуде ақжолдық депутат бір жыл ішінде атқарған жұмыстарын баяндап, жолдаған депутаттық сауалдары бойынша шешімін тапқан мәселелерге тоқталды.

Сұрақ-жауап форматында өткен жиында тұрғындар депутатқа өздерін толғандырған түйткілді проблемаларды жеткізді.

Азаматтар ақылы қоғамдық жұмыстардың айлық жалақысы туралы мәселе көтерді. Жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелудің талап-тәртіптері жайлы сұрады.