22 тамыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
“Ақ жол” партиясынан сайланған Байзақ аудандық мәслихатының депутаты Ләйлә
Бесбаева Қостөбе ауылындағы көпбалалы отбасының бір баласына мектеп формасын
әперді.
Қазір елімізде республикалық “Мектепке жол” акциясы жүріп жатқаны белгілі. Акция
шеңберінде кәсіпкерлер әлеуметтік жауапкершілік танытып, көпбалалы, қолдауды
қажет ететін отбасыларға мектеп формасы мен оқу құралдарын әперіп, көмек
көрсетуде.
Ақжолдық депутат биыл 3 сыныпқа көшкен жас жеткіншекке мектеп формасын
әперіп, рюкзак сыйлады.