22 ақпан 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясынан сайланған Байзақ аудандық мәслихатының депутаты Ләйлә
Бесбаева Қостөбе ауылдық округі әкімінің есеп-беру кездесу жиынына қатысты.
Жиында ауыл әкімі Нұрғали Қожабергенов тұрғындар алдында атқарылған
жұмыстар бойынша есеп берді.
«Кездесуде тұрғындар бірқатар түйткілді мәселелерді көтерді. Аудан әкімі
Олжас Баққараев ауыл азаматтары қойған сұрақтарға жауап берді. Қостөбелік Мақун
Төлеуғалиеваның «Тараз – Сарыкемер» жолы бойына көлік ағыны көп болғандықтан,
бейнебақылау камерасы қойылса, деген сауалын назарға алып, белгілеп жазып
қойдым», - дейді ақжолдық депутат.