08
Мамыр

Ләйлә Бесбаева тыл ардагерін Жеңістің 80 жылдығымен құттықтап, партия атынан сый-құрмет көрсетті

8 мамыр 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ халқы қан майданда жауға қарсы жанқиярлықпен соғысты, тылдар олардың әкелері, балалары, әйелдері жанкештілікпен еңбек етті.

Тылда күні-түні бел жазбай еңбек еткендердің бірі – Байзақ ауданы, Үлгілі ауылының тұрғыны Ахметжан Мұратбаев.

«Ақ жол» партиясынан Байзақ аудандық мәслихатына сайланған депутат Ләйлә Бесбаева тыл ардагерін Жеңістің 80 жылдығымен құттықтап, партия атынан сый-құрмет көрсетті.

«Ахметжан Мұратбаев Үлгілі ауылдық округінде 1937 жылы 7 наурызда дүниеге келген. Сол ауылдың тұрғыны. Атамыздың үйіне барып, «Ақ жол» партиясы атынан Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мерекесімен құттықтап қайттық», - дейді Ләйлә Бесбаева.