21 тамыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясынан сайланған Байзақ аудандық мәслихатының депутаты Ләйлә
Бесбаева тұрақты комиссияның және кезекті сессия отырысына қатысты.
Сесссияның күн тәртібінде аудан әкімі Олжас Баққараев өз функциялары мен
міндеттерін орындау жөнінде депутаттар алдында есеп берді.
Күн тәртібіндегі кезекті мәселеде аудандық мәслихаттың «Аумақты
экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын
қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын
қарау» жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы баяндалды.
Аталған мәселе тұрақты комиссия отырысында жан-жақты талқыланған соң,
депутаттар тарапынан ұсыныс-сұрақтар болған жоқ.
Дегенмен, депутаттар аудан көлемінде жасөспірімдердің суициал мінез-құлқы
туралы мәселе көтерді. Жас жеткіншектердің өз-өзіне қол салуы жиілеп бара
жатқанына алаңдаушылық білдірді. Бұл жай айтылып қоя салатын проблема емес екенін
жеткізген ақжолдық депутат бұл проблема терең зерделеуді қажет ететінін атап
өтті.
