10
Маусым

Ләйлә Бесбаева тұрғындармен кездесу өткізді

10 маусым 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан сайланған депутат Ләйлә Бесбаева Байзақ аудандық мәслихатының бекітілген кестесіне сәйкес тұрғындармен кездесу өткізді.

Сұрақ-жауап форматында өткен кездесуде ауыл азаматтары тұрғындарға ортақ мәселелерді көтерді. Әлеуметтік түйткілдерді тілге тиек етті.

Соның ішінде – елді мекендерге қатынайтын қоғамдық көліктердің жоқтығы, көшедегі қаңғыбас иттердің тұрғындарға, әсіресе, бүлдіршіндерге қауіп төндіріп тұрғаны айтылды.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, аталған мәселелер назарға алынды.

Айта кету керек, бұған дейін ақжолдық депутат Ләйлә Бесбаева ауыл тұрғындары көтерген қоғамдық көлік пен қаңғыбас иттердің жайын айтып, тиісті органдарға депутаттық сауал жолдаған болатын.