15 мамыр 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
15 мамыр – Халықаралық Отбасы күніне орай, Үлгілі ауылындағы орта мектепте
«Ақ жол» партиясынан сайланған Байзақ аудандық мәслихатының депутаты, кәсіпкер,
үлгілі отбасының анасы Ләйлә Бесбаевамен кездесу өткізілді.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған іс-шарада отбасылық
құндылықтар туралы әңгіме қозғалды.
Ләйлә Бесбаева бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі туралы айта келе,
депутаттық қызметі, «Ақ жол» партиясының жастарды қолдау бағытында атқарып
жатқан жұмыстарына тоқталды.

