12
Ақпан

Әлімбаев Жәнібек Қабылтайұлы Қараой және Н.Тлендиев ауылының тұрғындарына қоғамдық қабылдау ұйымдастырды

12 ақпан 2025 жыл, Алматы облыстық филиалы

Алматы облысы Іле ауданы маслихатының депутаты Әлімбаев Жәнібек Қабылтайұлы 11-12 ақпан күндері Қараой ауылдық округіне қарасты Қараой және Н.Тлендиев ауылының тұрғындарына қоғамдық қабылдау ұйымдастырды. Қабылдауға келген тұрғындар түрлі мәселелер бойынша депутатқа сауалдар мен сұрақтар қойды. Ең басты мәселе бұл жол бойында өскен, қазірғі уақытта жолдын қауіпсіздігіне шектеу қойып тұрған ескірген ағаштардын қиылуы, қоқыс тастау орындарының шекараларын қадағалау мәселесі. Соңымен қатар бүгін ауданның спортшысы бокстан республикалық сайыста бокстан жеңімпаз болған, Шымкент қаласындағы іріктеу чемпионатында Қазақстан чемпионы атағын алған спортшы қызымыз Джаутханова Ясмина  мен бапкері Тыллаев Улугбек Худайбергенұлымен кездесіп, құрмет көрсетті.