13
Қазан

Ғылыми грантты бөлуде де былық көп - Жас казак

 
Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:
«Бұқаралық ақпарат құралдары хабарлағандай, биыл жазда құзырлы агенттіктің мәліметі бойынша, бір ғана облыста мектептерді аттестациялауда 300 миллион теңгеге жуық ақша жиналады екен. Барлық білім ошағында жиналатын ақшаны есептеу үшін, 300 миллион теңгені 16 облысқа көбейтсек болды. Бұл – тек орта мектеп бойынша сыбайлас жемқорлық ағыны. Ғылыми грантты бөлуде де былық көп. Мысалы, 51 миллиард теңгеден астам ақшаны комиссия мүшелері өз ұйымдары арасында бөліп алған. Түнеугүні министрлік ақша жетпейді деп мектептегі түскі асты қысқартты. Меніңше, шенеуніктердің тәбетін азайтуы керек. Оқулықтағы олқылықтан жыл сайын жанжал шығады. Жуырда «Қамбар батырға» қатысты былықтан бәріміз жағамызды ұстадық. Министрлік осы оқулықты бекітіп отыр»
Аслан Сәрінжіпов, Білім және ғылым министрі:
«Біз объективті сынға дұрыс көзқараспен қараймыз. Алайда ақжолдық депутаттардың сынына келіспейтін тұсымыз бар. Оқулық бойынша кемшіліктің кеткені рас. Бірақ министрліктің оқулық бойынша мемлекеттік комиссиясына «Ақ жол» партиясының өкілі кірді. Ол тіпті қаламақысын да алды. Сондықтан жауапкершілікті бөлісуі керек. Егер «Ақ жол» партиясы болашақта лобби жасау туралы оқулық дайындап шығарса, біз оны комиссияда объективті қарауға дайынбыз. «Қамбар батырға» қатысты мәтін 1806 жылы шыққанын айттық. Ол классикалық мәтін. Хрестоматияда бар. Оны өзгерте алмаймыз»

             Дерекнама - Жас казак (Алматы), № 39 (559), 09.10.2015