22
Наурыз

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі аясында «Депутаттар үйі» тігілді

Наурыз мерекесін маңғыстаулықтар да кең ауқымда тойлап өтті. Наурыз мейрамы аясында Ақтауда 27 ақшаңқан киіз үй тігілді.

«Ақ жол» демпартиясы Маңғыстау обылыстық филиалынан сайланған депутаттардың демеушілігімен «Депутаттар үй» де бой көтерді.

21 наурызда сәні мен салтанаты жарасқан киіз үйде ауызашар берілді.

22 наурызда Маңғыстау халқы мен қонақтары наурыз көжеден дәм татып, ұлттық ойын “қой көтеру” сайысы мен “тұсау кесер” дәстүрін тамашалады. Қой көтеру сайысына өз күшіне сенген он жігіт қатысты.

Сайыс жеңімпазына сол ойында көтеретін 70 кг қой тігілді. Оза шапқан Мәлік есімді жігіт 100 рет көтеріп, жеңімпаз атанды.

Депутаттар үйіне бас сұққан өңір басшысы Нұрлан Асқарұлы жиналғандардың барлығын көктемгі жаңарудың, бірліктің, достық пен келісімнің символы-Наурыз мерекесімен құттықтап, 3 сәбидің тұсауын кесіп, сәбилерге ақ жол тіледі.

Сондай-ақ тағы бір сәбидің тұсауын “Ақ жол” демпартиясының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Батыржан Қорғанбайұлы кесті.

Сәбидің ата-әжесі немересінің Батыржан Қорғанбайұлы сияқты абыройлы елдің азаматы болсын деген ниетпен кестіргендерін айтып, ризашылықтарын білдірді.

Депутатар үйінің барлық қонақтарын “Ақ жол” демпартиясының мәслихат депутаттары қарсы алып, ыстық ықыластарын білдірді.

Сондай-ақ Маңғыстау жұртшылығына киіз үй жанынан қазақи фотозона құрды. Келген халық қазақтың ұлттық киімдері, оюлы сандық пен тоқыма ши, құмай тазы, бүркітпен суретке түсіп, қызықтады.

Әсіресе келушілер тары, бидай, т.б. дәнді дақылдарды түйетін, ұнтайтын қатты ағаштан жасалған келі-келсап құралына тамсанды