19
Қыркүйек

Ұлытау облысы бойынша ҚДП «Ақ жол» филиалы ұйымдастырған кәсіпкерлермен кездесу өтті

19 қыркүйек 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиалы

Ұлытау облысы бойынша ҚДП «Ақ жол» филиалы ұйымдастырған кәсіпкерлермен кездесуде барысында Сайлаубек Журинов маңызды сұрақ көтерді. Оның айтуынша, өңірде «Даму» қорының кәсіпкерлерге арналған бірыңғай платформасы әлі күнге дейін толық іске қосылмаған.

Бұл мәселе кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға, жеңілдетілген қаржыландыру алуға және бизнес-жобаларын дамытуға кедергі келтіріп отыр. Әсіресе, әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысатын жобалар зардап шегуде. Журиновтың сөзінше, спорттық секцияларға баратын балалардың ата-аналары да бұл мәселе бойынша алаңдаулы, себебі жалға алу төлемдерінің қымбаттығы секциялардың жұмысына әсер етуде. Оның өтінішінен кейін облыстық филиал төрағасы Әлібек Исин, филиал төрағасының орынбасары Сағадат Мұхамбетов және облыстық мәслихат депутаты Бекзат Дайрабайұлы арнайы кәсіпкердің залына барып, мәселені сол жерде талқылады.

Бекзат Дайрабайұлы бұл мәселені назарға алып, алдағы мәслихат сессиясында ресми түрде депутаттық сауал жолдап, күн тәртібіне шығаруға уәде етті. Әлібек Исин болса: «Бұл салада жұмыс істейтін кәсіпкерлер балалардың болашағына, олардың тәрбиесі мен денсаулығына үлес қосып отыр. Сондықтан біз «Арт спорт» бағытындағы кәсіпкерлерді қолдау үшін бар мүмкіндікті қарастырамыз. Әлеуметтік кәсіпкерлікке нақты қолдау көрсетілуі қажет» - деді.

Бұл кездесу – «Ақ жол» партиясының кәсіпкерлердің нақты мәселесін тыңдап қана қоймай, оны шешу жолдарын іс жүзінде қолға алатынының айқын дәлелі.

Кәсіпкерлердің табысы – халықтың әл-ауқаты. Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау – қоғамның ортақ игілігі!