19 қыркүйек 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиалы
Ұлытау облысы бойынша «Ақ жол» филиалының төрағасы Әлібек Исиннің
бастамасымен кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін талқылауға арналған кездесу
өтті.
Арнайы шақырылған қонақтар қатарында:
·
Қарағанды облысы бойынша ҚДП “Ақ Жол”
филиалының төрағасы,Қарағанды облысының мәслихат депутаты, «Қазақстан
кәсіпкерлер қауымдастығы және сервис қызметтері» Президенті – Ермек Әбілдин;
·
Вице-президенті – Индира Джабаева;
·
Ұлытау облыстық мәслихат депутаты, ҚДП “Ақ
Жол” партиясының кеңес мүшесі – Бекзат Дайрабайұлы;
·
Ұлытау облысы бойынша спорт басқармасы
басшысының орынбасары – Елдос Абдраев болды.
Әлібек Исин кәсіпкерлермен кездесуді Мемлекет басшысының Жолдауына
тоқталудан бастады. Ол өз сөзінде:
«Ақ жол» Демократиялық партиясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды
интеллект дәуіріндегі Қазақстан: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттер
мен оларды шешу жолдары» атты Жолдауын толық қолдайды. Бұл бастамалар біздің
партияның ұзақ жылдар бойы ұстанған бағытымен сәйкес келеді. Әсіресе,
бірпалаталы Парламентке көшу – халық мүддесін тікелей қорғауға мүмкіндік
беретін маңызды қадам. Айта кету керек, партиямыздың Төрағасы, Мәжіліс депутаты
Азат Перуашев бұл ұсынысты 2017 жылдан бері көтеріп келеді. Бұл біздің
ұстанымымыздың жүйелі екендігін көрсетеді», – деді ол.
Кездесу барысында Ермек Әбілдин кәсіпкерлер үшін «Арт спорт»
бағдарламасының жаңа мүмкіндіктерімен таныстырып, құнды ақпараттармен бөлісті.
Ол тек кәсіпкерлердің мәселелерін тыңдап қана қоймай, шешу жолдарын ұсынды. Бұл
ұсыныстарды Әлібек Исин мен депутат Бекзат Дайрабайұлы ерекше назарға алып: «Әр
кәсіпкердің проблемасы – біздің ортақ міндетіміз. Біз оны шешу үшін барлық
деңгейде жұмыс істеуге әзірміз» - деді.
Сонымен қатар, Ермек Төлеуұлы кәсіпкерлерге қолда бар мүмкіндіктерді тиімді
пайдаланып, белсенді болуға мотивация берді.
Өз кезегінде, қауымдастықтың Вице-президенті Индира Нұрланқызы Джабаева
әлеуметтік мәселелерді қозғап, кәсіпкерлерге кеңес беріп, олардың сұрақтарына
жан-жақты түсініктеме жасап, шешу жолдарын көрсетті.
Сонымен қатар, «Ақ жол» партиясының ҰОФ төраға орынбасары Сағадат
Мұхамбетов туризм саласындағы мемлекеттік қолдаулар жайлы да баяндама жасады.
Ал Ұлытау облысы бойынша спорт басқармасы басшысының орынбасары Елдос
Абдраев «Арт спорт» бағдарламасына қатысты кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап
беріп, оның іске асу механизмдерін түсіндірді.
«Ақ жол» демократиялық партиясы алдағы уақытта да кәсіпкерлердің мәселесін
шешуде, бизнесті дамытуда және мемлекеттік қолдауларды жетілдіруде жүйелі
жұмысын жалғастырады.




