15 қыркүйек 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиалы
Ұлытау облысы бойынша ҚДП «Ақ жол» филиалының төрағасы Әлібек Исин Қоғамдық
кеңестің кезектен тыс жиналысын өткізді. Түрлі себептермен келе алмаған кеңес
мүшелері Zoom платформасы арқылы қашықтан қосылып, талқылауға белсене
атсалысты.
Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселелер:
1. Филиал аппаратының жаңа
штаттық қызметкері әрі төраға орынбасары болып Сағадат Болатұлы Мұхамбетов
таныстырылды.
2. 19 қыркүйекте өтетін конференцияның
жоспары бекітілді.
3. 25 қыркүйекте Жаңаарқа
ауданына жұмыс сапарына дайындық барысы қаралды.
Жиналыс барысында филиал төрағасы Әлібек Исин қоғамдық кеңестің құрамын
оңтайландыру және оның жұмысын жандандыру жөнінде нақты ұсыныстар енгізді.
Кеңес мүшелері бұл ұсыныстарды бірауыздан қолдап, кеңестің жаңа құрамын
бекітті.
Жиын қорытындысында ҚДП «Ақ жол» партиясының бастамаларын өңірде тиімді жүзеге асыру үшін Қоғамдық кеңестің белсенді қызмет атқаруының маңызы ерекше екені атап өтілді.
