19 қыркүйек 2024 жыл, Ұлытау облыстық филиалы
«Ақ жол» Демократиялық партиясының Ұлытау облыстық филиалы төрағасы,
Ұлытау облысы мәслихатының депутаты Ақылбек Түсіпұлы Аманов 2024 жылы 6 қазанда
өтетін жалпыұлттық референдумды қолдап бірнеше кездесулер өткізді. Еліміз үшін маңызды
бұл оқиғаға барша ұлытаулықтарды және 18 жасқа толған сайлау құқығы бар жастарға
ағалық ақыл-кеңесін берді. Ұлытаулық ақжолдықтар еліміз үшін маңызы зор саяси бастамаға
қолдауларын білдірді. Жезқазған гуманитарлық колледжінің ұжымы белсенді қатысып,
елдегі саяси оқиғадан тыс қалмайтындарын жеткізді.