26
Тамыз

Ұлытау облысында «Мектепке жол» акциясы өтті

26 тамыз 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиалы

Ұлытау облысында «Мектепке жол» акциясы өтті. Іс-шара барысында ҰОФ ДПК “Ақ жол” филиалының төрағасы Әлібек Исин және Ұлытау облысының мәслихат депутаты Аяна Мукеева 20 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен сөмке таратты. Акцияға балалар өздерінің ата-аналарымен келді.

Әлібек Исин: “Болашақта еліміздің тірегі болатындай білімді жастар қалыптастыруымыз керек. Барынша қолдан келгенше осы жастардың көмегімен, кәсіпкерлер бар мектеп оқушыларына іні-қарындастарымызға қамқор болып жатырмыз”.

Көрсетілген көмекке ата-аналар да шексіз алғыстарын білдірді.

Аталмыш шара Қаражал  қаласы бойынша ДПК “Ақ жол” филиалының үйлестірушісі Сексен Сулейменовтің ұйымдастыруымен өтті. Шара аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік көмек көрсетілді. Сыйлықтарды тарату барысында оқушыларға тілектер айтылып, жаңа оқу жылы сәтті басталсын деп кеңес айтылды.

Қаражал қаласы білім бөлімінің «№1 Тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ-нің директоры демеушілерге көрсеткен көмектері үшін шекіз алғыс білдірді.