4 наурыз 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиалы
2014-2020 жылдар аралығында мемлекеттің агроөнеркәсіп кешенін дамыту
аясында ашылған бағдарламасына сәйкес, Ұлытау өңірінің шаруа қожалықтары
Жезқазған қаласында орналасқан «Ұлар» Кредиттік серіктістігі» ЖШС-нен (бұдан
әрі –НС) шаруа қожалығын дамыту мақсатында «Аграрлық несие корпорациясы»
Акционерлік қоғамы (АНК) қаржыландыруымен өздеріне қажет деген нысаналы мақсаты
бар несиелер рәсімдеген болатын.
Осы жеңілдетілген несиелер арқылы Ұлытау өңірінің көптеген шаруа
қожалықтары өз шаруашылықтарын көтеріп кәсіптерін жүргізді.
Алайда кейінгі жылдары «Ұлар» Кредиттік серіктістігі» ЖШС-нің шаруа
қожалықтарының әртүрлі себептермен несие төлеуден кешіктірім жасауына байланысты
«Аграрлық несие корпорациясы» Акционерлік қоғамы (АНК), Несие серіктестігі және
оның 118 қатысушы мүшелерін ортақтасқан міндеттеміні негізге ала отырып, 707
000 000 (жеті жүз жеті миллион) теңге қарыз сомасын уақытынан бұрын өндіру
бойынша сотқа талап берген болатын. Берілген талап арыз бойынша 2024 жылдың
қаңтар айында Ұлытау облысының Жезқазған қалалық сотының шешімімен АНК талап
арызын қанағаттандырды. Ол дегеніміз, шаруа қожалықтарынан ортақтасқан
міндеттеме бойынша көрсетілген соманы АНК пайдасына өндіру жалпы соманы барлық
мүшелерінен мәжбүрлеп өндіру. Алайда,
Жезқазған қалалық сотының шешімін «Ұлар» несие серіктестігі және шаруа
қожалықтары заңсыз деп санап сот шешіміне апелляциялық шағым түсірді
«Ұлар» несие серіктестігі және шаруа қожалықтарының бұл ауыр да, күрделі
мәселесі облысымыздың депутаттарын алаңдатпай қоймады. Депутаттардың
араласуымен АНК басшылығымен бірнеше келіссөздер жүргізіліп, қәзіргі таңда АНК
және «Ұлар» Кредиттік серіктістігі, мүшелері арасында жабылған несиелер бойынша
кепіл мүліктер босатылуы, қарызды төлеуге 3 жыл мерзім берілуі туралы
медиативтік келісімге қол жеткізілді.
Осы мәселенің шешілуіне себепкер болған, Ақ жол партиясының мүшесі, Ұлытау
облысы мәслихатының депутаты Дайрабайұлы Бекзат мырзаға үлкен алғысымызды
білдіргіміз келеді. Бұл депутаттың ұйымдастыруымен, Астана қаласындағы Ақ жол
партиясының бас кеңсесінде АКК басшылығы, Ауыл шаруашылық вице-министрі мен Ақ
жол партиясының төрағасы А.Перуашев, мәжіліс пен мәслихат депутаттары Е.
Барлыбаев, Қ. Иса, Б Дайрабайұлы және шаруа қожалық иелерінің қатысуымен болған
үш жақты кездесулер нәтижелі өтті.
Содан бері Б. Дайрабайұлы осы мәселенің оңтайлы шешілуі үшін соңына дейін
қадағалауында ұстады. Облыстық сот шешімімен 4 наурызда «Медиативтік келісім»
өз күшіне енді.
«Халық қалаулысы»-деген сенімді ақтап, Ұлытау облысының шаруа
қожалықтарының мәселесін шешуде көмегін тигізгеніне ризашылығымызды білдіріп,
мықты денсаулық, еңбегіне табыс тілейміз!
«Ұлар» НС ЖШС нің басқарма төрағасы- Апеков А. Т.
«Ұлар» НС нің мүшелері, 118 шаруа қожалық иелері.