8 қараша 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиалы
Бүгін Ұлытау облысы бойынша ҚДП “Ақ жол” партиясы филиалының ұжымы “Таза
Қазақстан” акциясы аясында сенбілік ұйымдастырды!
Бұл игі іс-шараның мақсаты — қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті
қалыптастыру және туған өлкемізге деген жауапкершілік сезімін арттыру.
“Ақ жол” партиясы әрқашан қоғамның дамуына, оның ішінде экологиялық
бастамаларды жүзеге асыруға белсенді атсалысып келеді.Тазалық –
мәдениеттіліктің, ал бірлік – ұжымдық рухтың белгісі!
Бүгінгі сенбілік барысында партия мүшелері мен жастар қанатының
белсенділері өз аймағымыз — Жеңіс саябағын тазалау жұмыстарына белсенді
қатысты.
Бұл іс – қоршаған ортаға қамқорлықпен қараудың және азаматтық
жауапкершілікті көрсетудің нақты үлгісі.
“Ақ жол” — таза қоғам мен жасампаз болашақ жолындағы сенімді күш!




