5 қыркүйек 2025
жыл, Ұлытау облыстық филиалы
Ұлытау облысы бойынша ҚДП «Ақ жол»
филиалының төрағасы Әлібек Исин, облыстық мәслихат депутаты Бекзат Дайрабайұлы,
партия мүшесі Мархат Хамитов және Жаңаарқа аудандық филиал үйлестірушісі,
«АрмСтрой» компаниясының техникалық директоры Батырхан Оспанов атқарылып жатқан
жол жөндеу жұмыстарына барып, НЦК «Қазавтожол» өкілі Жанат Салиқовпен бірге
сапасына назар аударды.
Компания атынан техникалық реттеу
директоры, партия мүшесі Батырхан Оспанов пен қызметкері Лилия Булатова
қонақтарға атқарылған жұмыстар жөнінде ақпарат берді.
НЦК «Қазавтожол» өкілі Жанат
Салиқовтың айтуынша, қазір Момышұлы көшесінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Бұған дейін Алашахан мен Шевченко көшелеріндегі жұмыстар толық аяқталған.
ҚДП «Ақ жол» филиалының төрағасы
Әлібек Исин:
«Азаматтардың қауіпсіздігін және
қолайлы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету үшін жолдардың сапасы жақсы болуы
керек» – деп атап өтті.
Облыстық мәслихат депутаты Бекзат
Дайрабайұлы:
«Жолдардың сапасы – халықтың
қауіпсіздігі мен тұрмыс сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан әрбір жұмыс
талапқа сай, сапалы орындалуы қажет» – деді.
Бұл іс-шара жолдардың сапасын
бақылау мен өңір инфрақұрылымын дамытуға бағытталған нақты қадам болып
табылады.


