Ұлттық Банктің төрағасы Ерболат Досаев "Ақ жол" демпартиясы депутаттарының микрокредит бойынша 50 пайызға дейін артық төлеуді шектеу туралы ұсынысын қолдады. Бұған дейін бұл ұсынысты Қаржы нарығын реттеу жөніндегі агенттік қолдаған болатын. Меморгандардың халық пен шағын және орта бизнестің қарызын төмендетуге арналған біздің ұсыныстарымызды осылай бірауыздан қолдауы өте сирек болатыны өкінішті. Бұл қолдауды "алғашқы қарылғаш" деп үміттенейік.