18 наурыз 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
18 наурыз күні Семей қаласында Ұлттық киім күніне орай жоғары оқу орындары
арасында ауқымды “QUIZ” интеллектуалды ойыны өтті.
Бұл шараға “Ақ жол” демократиялық партиясы Абай облыстық филиалының Жастар
кеңесінің мүшелері белсенді түрде қатысып, жоғары білімдері мен тапқырлықтарын
көрсетіп, үздіктер қатарынан көрініп, енді облысымыздың қатарынан көрінеді!
Ойын барысында қатысушылар ұлттық құндылықтар, тарих пен мәдениетке
байланысты қызықты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. Мұндай шаралар
жастардың рухани дамуына, ұлттық сана-сезімін арттыруға зор үлес қосады.
“Ақ жол” партиясының жастары – білімді, бәсекеге қабілетті, ұлтжанды
жастар!